AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған S...

Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады

Білім және ғылым 14.03.2025, 10:06 595
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдау мақсатында SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл цифрлық жоба республикалық және халықаралық сайыстарға оқушыларды дайындаудың маңызды құралына айналып, онлайн-білім алу мен тәжірибелі тренерлермен кеңесу мүмкіндігін ұсынып, оқушыларға білімдерін жетілдіруге және интеллектуалдық байқауларға дайындықтарын арттыруға көмектеседі.

Бірінші кезеңде прокторинг жүйесін қолданып онлайн-олимпиадалар мен конкурстар өткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылатын болады.

«Платформа дарынды оқушылардың дамуына және педагогтердің біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етеді. Біз SMART Daryn жобасы дарынды оқушылар үшін сапалы білім алуды айтарлықтай жеңілдетіп, білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасында тиімді өзара әрекеттестік орнататынына сенімдіміз», — дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Сонымен қатар платформада дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін емтихандар өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам мамандандырылған мектеп бар.

Сондай-ақ SMART Daryn педагогтер үшін әдістемелік материалдар мен кеңестерден тұратын онлайн-кітапхана ұсынатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дарынды оқушылар #SMART Daryn #цифрлық платформасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика