AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бюджетке түсетін салық көлемі өсті

Қазақстанда бюджетке түсетін салық көлемі өсті

Әлеумет 15.06.2022, 06:22 1,413
Қазақстанда бюджетке түсетін салық көлемі өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге көп түскен.


Қазақстан Үкіметі бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар жақсы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


2022 жылғы 5 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,8% орындалды. Бекітілген жоспар - 5 894,2 млрд теңге, ол 398,9 млрд. теңгеге асыра орындалып, 6 293,1 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салықтық түсімдер 1,5 есеге немесе 2 145,3 млрд теңгеге көп  түскен. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.


Оның ішінде:


- Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша 4 273,5 млрд теңге, 10,8 млрд  теңгеге асыра орындалып, 4 284,3 млрд теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 686,9 млрд теңгеге өсті.


- Жергілікті бюджет 123,9% орындалды (жоспар бойынша 1 620,7 млрд теңге, 388,1 млрд теңгеге асыра орындалып, 2 008,8 млрд  теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,6% немесе 458,4 млрд теңгеге өсті.


2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 624,1 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 494,4 млрд теңгеге немесе 2,2 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 356,5 млрд теңгеге немесе 2 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы  112,8 млрд теңгеге немесе 37,8%-ға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 70,5 млрд теңгеге немесе 35,0%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 млрд теңгеге немесе 20,5%-ға өскені байқалады.


Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.


2022 жылы 5 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтын 4,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0$, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында 1 тонна үшін – 86,0$).


Ағымдағы жылғы 5 айда үшінші елдермен тауар айналымы 53,6%-ға өсті (экспорт 68,9%-ға, импорт 19,9%-ға өсті).


Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 5 айда өткізу бойынша айналым 20,2%-ға ұлғайды (40 604 млрд теңгеден 48 809 млрд теңгеге дейін).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #бюджет #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші төмендеді

Бүгін 15:05

Тоқсан жылдыққа тарту: «Вечерний Алматы» газетінің ұжымы марапатталды

Бүгін 13:48

Қазақстан Испаниядағы әлем кубогінде екі қола медаль жеңіп алды

Бүгін 11:56

Алматы тауларында ирандық студент жоғалып кетті

Бүгін 10:57

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);