ffin.kz

Қазақстанда бірнеше жаңа зауыт салынады

Қазақстанда бірнеше жаңа зауыт салынады Inform.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында құрылыс материалдарының импортын қалай азайтуға болатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


«Жыл қорытындысы бойынша, құрылыс материалдарының өндірісі 9,8 %-ға өсіп, 902,7 млрд. теңге болды. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі шамамен 5,5 %-ды құрайды. Салада 2472 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда шамамен 26,2 мың адам жұмыс істейді», - деген министр жалпы құрылыс материалдарының ішкі нарығы 2,7 млрд долларды құрағанын, оның ішінде отандық өндірістің үлесі 57%, ал импорт 43% болғанын айтты.



«Көріп отырғанымыздай, қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтың бетон, цемент, қабырға материалдары сияқты базалық құрылыс материалдарына қажеттілігін толық көлемде жабады. Барлық жерде құрылыста және жөндеу кезінде тек қазақстандық гипсокартон мен құрғақ құрылыс қоспалары қолданылады. Алайда, импортқа тәуелді құрылыс материалдары әрлеу сегментінің қосылған құны жоғары тауарлар болып отыр. Әдетте, бұл әрлеу материалдары, тұсқағаздар, линолеум, жылу оқшаулағыш материалдар, санфаянс және шыны бұйымдары», - деді Қайырбек Өскенбаев.



Сондай-ақ, ол жақын арада 8 616 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ететін, жалпы құны 601,3 млрд теңге болатын 35 импортты алмастыру жобасы қолға алынатынын мәлім етті.


«Санфаянс, қыш тақтайлар, минералдық жылытқыштар, ағаш сүректі тақталар сияқты отандық құрылыс тауарларымен қамтамасыз ету бойынша жаңа өндірістерді ашу көзделіп отыр.



Бұл жобаларды енгізу ішкі нарықтағы импорт үлесін шамамен 60%-ға төмендетуге мүмкіндік береді және құрылыс материалдары бағасының ауытқуын болдырмайды», - деді ведомство башысы.



Айтуынша, аталған жаңа жобалар іске асса, 2025 жылға қарай 700 млн доллар болатын 10-нан астам өнім өзімізде өндіріле бастайды.


«Тауар позициялары бөлінісінде мынадай құрылыс материалдары – темірбетон бұйымдар, бетон, құрғақ қоспалар, лак бояу, кірпіштер, шыны, кабельдер, ағаш-сүректі тақталар және қасбеттік тақталар бойынша ішкі нарықты 100% жабу жоспарланған.



Сондай-ақ, импортқа тәуелді құрылыс материалдары -алюминий радиаторлары, полиэтилен құбырлары, шатыр материалдары, радиаторлар, металл жабындар, есік блоктары, қыш тақталар, санфаянс және арматура бойынша ішкі нарықтың 50 %-дан астамын жабу жоспарланған», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04