Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда «Бірлік ансамблі» құрылды

Қазақстанда «Бірлік ансамблі» құрылды

Мәдениет 29.01.2024, 14:15 1,178
Қазақстанда «Бірлік ансамблі» құрылды
Сурет: Gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз - Алғыс айту күні, жаңа «Бірлік ансамблі» атты ән-би ұжымының тұсаукесері- концерт өтеді.


Шығармашылық ұжым Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан жанды аспаптық сүйемелдеумен әлем халықтарының билерін зерделейтін және кәсіби деңгейде орындайтын халықаралық ұжымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты басқа ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ қоғам санасында мәдени код ретінде көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында құрылды.



«Өз ісіне, өнеріне жан-тәнімен берілген дарынды әртістердің арқасында біздің бай мәдениетіміз бен тарихымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықаралық ареналарда айқын көрініске ие. Бүгінде елімізде 25 ансамбль жұмыс істейді.


Қазақстан мен ТМД елдері тарихында тұңғыш рет көпұлтты ән мен би ансамблін құрдық. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды. Ансамбльдің тұсаукесері Алғыс айту күніне орайластырылған. Ансамбль әртүрлі халықтарды біріктіретін бірлік пен үйлесімнің нышанына және Қазақстанның брендіне айналатынына сенімдімін», - деді Аида Балаева.



«Бірлік ансамблін» құру бойынша жұмыс аясында кастинг өткізілді, онда әр алуан ұлт өкілдері мен мультиинструменталистер арасынан 20 үздік биші мен музыкант таңдалды.


1 наурыз күні көпшілік және жеке хореографиялық шығармалар, аспаптық және вокалдық нөмірлер орындалады. Би нөмірлерін және бірегей би композицияларын қою мақсатында бірлескен жұмыс пен тәжірибе алмасу үшін көрнекті шетелдік хореографтар, Ресей, Татарстан, Өзбекстан және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері шақырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бірлік #ансамбль #алғыс айту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика