Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленді

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленді Cурет: shutterstock.com

Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері айқындалды.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Осылайша, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер белгіленді: 

– кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%;

– кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%;

– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. 

Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:55

17:33

17:10

16:57

16:40

16:28

16:11

15:59

15:41

15:15

15:01

14:56

14:36

14:16

14:07

12:33

12:16

12:02

11:47

11:33

11:15

11:11

11:01

10:47

10:33