AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда банкрот болғандар 5 жылға дейін несие...

Қазақстанда банкрот болғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды

Әлеумет 20.12.2022, 06:53 1,129
Қазақстанда банкрот болғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды
Сурет: Inbusiness.kz

7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады.


Елімізде банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді. Сондай-ақ, жағдайы қиындай түссе, 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Банкрот мәртебесін алудың салдарына тоқталсам. Жеке тұлғаға 5 жылға дейін несие беру шектеледі. Азамат араға 7 жыл салып, банкроттыққа қайта жүгіне алады. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде ол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген. Сол себепті азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет», - деді Ержан Біржанов Сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстел барысында.



Оның айтуынша, сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары арқылы жүзеге асырады.


Яғни, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар.



«Негізгі заң жобасынан бөлек, 4 кодекс пен 12 заң бойынша өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы мен «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Жалпы, аталған заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталады. Сонымен қатар қарызды банкроттықтан кейін бірқатар шектеу азаматтардың қарызын өтеуге ынталандырады деген үміттенеміз», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #несие #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды

Бүгін 17:21

Президент мақтауын естіген параспортшы көз жасына ерік берді

Бүгін 17:17

Эстонияның ERR қоғамдық телеарнасы Алматы туристік әлеуеті туралы бағдарлама шығарды

Бүгін 17:09

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Бүгін 16:45

Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау және құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);