Қазақстанда азық-түлік өндірісі артып келеді

Қазақстанда азық-түлік өндірісі артып келеді Сурет: Facebook.com

Республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. 


Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары апта сайын мониторинг жүргізіп отырады. Олардың мәліметі бойынша, республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді», – деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.



Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна. Сонымен қатар, 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар.


Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған. Айта кетер жәйт, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05