конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау э...

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау электронды форматқа көшеді

Әлеумет 12.12.2022, 11:54 1,279
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау электронды форматқа көшеді
Сурет: Inbusiness.kz

Енді субсидиялау процесі 1 айға дейін қысқарады. 


 Елімізде ауыл шаруашылығына мемлекеттен субсидия алу процесі жеңілдей түспек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мәселелерін құрамында 160-тан астам маман бар жұмыс тобы қарап жатыр. Осыған дейін 9 отырыс өтті. Сала мамандарының өтініш-ұсыныстары назарға алынып, субсидиялау саласына өзгерістер енгізілді. Айтар болсақ, аталған салада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында субсидия толықтай электронды форматқа көшеді. Яғни субсидияға өтініш беру, қабылдау және соманы растау адамның қатысуынсыз өтеді», - деді Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында.



Министрдің сөзіне сенсек, бұған дейін ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау процесі 3-4 ай уақыт алса, енді 1 айға дейін қысқарады.



«Бақылау органдары тарапынан айтылған ескертулерге құлақ асып, тиімсіз, өзекті емес және бақылауы қиын субсидия түрлері қысқартылды. Қаржы бөлуге келсек, ауыл шаруашылығы салалары бойынша сол бұрынғы сомалар сақталып қалады. Бағытына қарай 15 пайыздан 80 пайызға дейін инвестициялық субсидия қарастырылған», - дейді ол.



Айта кетсек, Мәжілісте «Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған жаңа тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.


Жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудағы проблемалар, импортты алмастыру перспективалары, өнім бағасын қалыптастыру және басқа мәселелерді талқылап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #Қазақстан #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Бүгін 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Бүгін 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Бүгін 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Бүгін 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);