Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау науқаны аяқталды

Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау науқаны аяқталды

Билік 25.07.2021, 19:55 1,742
Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау науқаны аяқталды
24 kz

Қазақстан бойынша 730 елді мекеннің әкімін анықтайтын сайлау мәресіне жетті.


Заң бойынша сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады.


Жергілікті сайлау комиссияларының дерегі бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 9 өңірінде сайлау учаскелері жабылды. Ал сағат 21.00 кезінде бүкіл республика бойынша дауыс беру аяқталды.



Осылайша, кезекті сайлау науқанына орай ашылған 14 өңірдегі 1847 сайлау учаскесі жұмысын қорытындылап жатыр. Елдегі 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Соның 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өзін-өзі ұсынушылар. Яғни, сайлау заңнамасындағы жаңа мүмкіндікті 1419 адам пайдаланып отыр.



Сондай-ақ 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны –1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынады.



«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, бірлестіктің 2 мыңнан астам өкілі 1847 сайлау учаскесінде бейтарап бақылау жүргізген.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #әкім #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика