AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстанда аудандық, қалалық және ауылдық округте...

Қазақстанда аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі артады

Билік 24.06.2021, 13:47 1,978 Almaty-akshamy.kz.
Қазақстанда аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі артады
Сурет: Gov.kz.

Қазақстанда аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі артады


Сенат аудандық, қалалық және ауылдық округтердің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Сенат баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.


Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.


Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасы бірқатар нормативтік құқықтық актілерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту; бюджеттік рәсімдерді оңайлату; әкімшілік-аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіру; дербестікті кеңейту және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.


Бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту үшін ЖӨБ бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрі беріледі. Бұдан басқа, бюджеттік рәсімдер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке жиырма пайыздан аспайтын көлемде түзету енгізіледі. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізіледі.



«Бюджет кодексіне қаржы жылы ішінде аудан мен ауылдық округ бюджеттері арасындағы ЖСТ көлемінің өзгеруіне жол бермейтін нақтылаушы норма енгізіледі. Осылайша, ауылдық округтер әкімдерінде субвенцияларды азайту немесе алып қоюларды ұлғайту қаупінсіз ауылдық округтердің салық салынатын базасын ұлғайтуға мүдделілік болады», - деді Әcет Ерғалиев.



Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібі де айқындалады. Қала мәртебесінің өзгеруі сәйкес келмеген жағдайда бес жыл ішінде, ауылдарда үш жыл ішінде жүзеге асырылады.


Заң жобасында мәслихат пен олардың депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша түзетулер, атап айтқанда, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын тарату және оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру көзделген.


Заң жобасы Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.



«Заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетеді», - деді Ұлттық экономика министрі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сагинтаев #Алматы #бизнес #развитие #Қазақстан #Сенат #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);