AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әскери қызметтен өткен университет түл...

Қазақстанда әскери қызметтен өткен университет түлектері грант өтеуден босатылады

Әлеумет 20.05.2022, 06:41 1,229
Қазақстанда әскери қызметтен өткен университет түлектері  грант өтеуден босатылады
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруы ықтимал.


Әскери борышын өтеген және «Кадет» сыныбын бітірген түлектер университетке грант алу үшін 5% квота бөлінеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Кеше Қорғаныс министрімен бірге мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқыладық. Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыруды тапсырған болатын. Осы орайда бұл іс-шаралар Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу және офицерлер даярлау – ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бірқатар ұсыныстарды қолға алдық», - деп жазды Білім министрі өзінің Facebook-тегі парақшасында.



Министрдің айтуынша, мерзімді әскери қызметті өткерудің тартымдылығын арттыру үшін әскери борышын өтеген және «Кадет» сыныбын бітірген түлектерге грант алу үшін 5% квота бөлу ұсынылды. Бұл жыл сайын 3 000-нан астам грант.



«Оның үстіне университет түлектері әскери қызметтен өткен жағдайда грантты 3 жыл бойы өтеу мерзімінен босатылады. Қазір мемлекет есебінен оқығандардың барлығына оны өтеу талабы қойылатынын еске сала кетейін. Бұл оқуға түсушілерді ынталандырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттырады деп ойлаймын. Үшіншіден, біз әскери қызметте немесе бітімгершілік және басқа да арнайы операцияларға қатысып, қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді ұсынып отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #сарбаз #Қазақстан #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша бала бар?

Бүгін 12:41

Алматы оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыратын ауқымды бағдарлама даярлады

Бүгін 11:39

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

Бүгін 11:35

Алматының ТЖД жазда балаларды бақылап отыруға шақырды

Бүгін 11:32

«Ұлттық қор – балаларға»: болашақ ұрпақтың қаржылық іргетасы

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);