Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әскери байланысшыларды қай оқу орындар...

Қазақстанда әскери байланысшыларды қай оқу орындары дайындайды?

Әлеумет 31.10.2023, 05:12 1,233
Қазақстанда әскери байланысшыларды қай оқу орындары дайындайды?
Суреттер: ҚР Қорғаныс министрлігі

31 қазан - әскери байланысшы күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еліміздің Қарулы күштеріндегі атаулы күндер мен мерекелердің ішінде әскери байланысшылар күнінің орны ерекше.


Байланыс әскерлері жауынгерлік дайындықты ұйымдастыруды және Қарулы күштердің күнделікті қызметін қамтамасыз етеді.



Байланыс әскерлерінің техникалық жағынан жабдықталуы үнемі артып келеді. Автоматтандыру, байланыс құралдарының соңғы жүйелері және озық технологиялық әзірлемелер кез келген жағдайда байланысты қамтамасыз етудегі ең күрделі тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.


Қазіргі заманғы техникалар сауатты басқаруды, яғни мұқият техникалық дайындық пен автоматизмге ұласқан дағдыларды қажет етеді. Әскери ортада "Байланыссыз басқару мүмкін емес" деп айтылуы заңдылыққа айналған.



Штабтар мен бөлімшелер арасындағы ақпарат алмасудың жылдамдығы мен сапасы, құрлықтағы, авиациялық және теңіз бөлімшелері іс-қимылдарының үйлесімділігі, сондай-ақ жауынгерлік құралдар мен қаруды тиімді қолдану тұрақты байланысқа қатысты.


Әскери байланысшылар өздерінің жоғары кәсібилігі мен шеберлігін "Батыл тойтарыс-2023", "Айбалта-2023" стратегиялық оқу-жаттығулары мен басқа да іс-шаралар барысында бірнеше рет дәлелдеген.


Қазақстанда байланыс офицерлерін Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында дайындайды. Орта буын мамандары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы астаналық әскери колледжде білім алып шығады. Кіші деңгейдегі әскери-есептік мамандықтардың негізін мерзімді қызмет сарбаздары Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында игереді.



Әскери ғылымды дамытудың маңызды қадамы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасын құру болды. Бұл жерде келешекте байланыс саласындағы магистранттар мен докторанттар даярланатын болады. Әскери байланыс жоғары білікті, өз ісі мен туған Отанына берілген байланыс әскерлерінің мамандарынан тұрады. Сол себепті оларға әскердің жауынгерлік дайындық жүйесінде зор жауапкершілік жүктелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери байланысшы #атаулы күн #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі