конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда «Әншуақ – 2024» балалар әндерінің респ...

Қазақстанда «Әншуақ – 2024» балалар әндерінің республикалық челленджі басталды

Мәдениет 24.09.2024, 11:20 1,270
Қазақстанда «Әншуақ – 2024» балалар әндерінің республикалық челленджі басталды
Сурет: Gov.kz

Елімізде #Әншуақ2024 балалар әндерінің екінші республикалық челленджі басталды.

Қазіргі таңда балалар орындаған бейнероликтер 200 мыңнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

«Әншуақ» фестивалі балалардың таланттарын ашуға мүмкіндік береді және еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттайды. Бұл шараның «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын да айта кету керек.

«Жаңа оқу жылы басталғалы бері осы идеямен шабыттанған 5 мыңға жуық мектеп оқушысы челленджге қосылды. Олар бейнежазбаларын #Әншуақ2024 хэштегімен TikTok-та жариялап, өздері орындаған балалар әндерін «Қазақ радиосына» жолдайды. 28 қыркүйектен бастап Қазақ радиосында «Әншуақ радио-фестивалі» айдары ашылады. Бұл бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балаларды біріктіретін шығармашылық толқын. Қатысушылар тек ән орындап қана қоймай, сол әндердің өз өміріндегі маңызы туралы жеке ойларымен де бөліседі», — дейді ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Челленджге 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Балалар қазақ тіліндегі әнді жанды дауыста орындап, бейнежазбасын #Әншуақ2024 хэштегімен TikTok-та жариялауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Әншуақ» балалар әндерінің челленджі алғаш рет 2024 жылдың 1 ақпаны мен 1 маусымы аралығында өтіп, жеті ай ішінде 12 мыңнан астам жарияланым және 12 миллионнан астам қаралым жинаған болатын. Қорытындысы еліміздің әр өңірінде «Open Air» форматында өткізіліп, онда ең танымал балалар әндері шырқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әншуақ #республикалық челлендж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);