AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бүйрекке қатар опе...

Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бүйрекке қатар операция жасалды

Медицина 15.05.2024, 17:20 1,079 dulatbekova
Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бүйрекке қатар операция жасалды
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бүйрекке қатар операция жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігерлері науқастың жүрегінен және бүйрегінен 60 см-ге жуық ісікті алып тастады. Оның салмағы үш келіден асады, - дейді дәрігерлер.


Бұл қуаныштың көз жасы. Жәлел Айтмұханбетов ауыр операциядан аман қалғаныма әлі де сене алмаймын дейді. 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, енді ғана жалпы палатаға ауыстырылған. Ал дертінің асқынғанына 2 жылға жуықтапты.

 Жәлел Айтмұханбетов, емделуші:

Реанимациядан кеше шықтым. Ешкімнің басына бермесін. Өте қуаныштымын.
Операция 20-дан астам маманның қатысуымен өтті. Дәрігерлер осындай ісікті науқастың бүйрегінен алып тастады.

Әнуар Әбдікәрімов, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының бөлім басшысы:

Ісік жүрекке дейін жеткен. Жүректің ішіне кіріп, сол себепті науқасқа екі топ хирургтермен ота жасалды. Ерекшелігі - Қазақстанда ешқашан жасалмаған ота.
Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың тек хирургия бөлімінің өзінде күніне кемінде 5 отаға дейін жасалады. Дәл осы дәрігерлер алғаш рет Қазақстанда бұған дейін жасалмаған опреацияны жүргізді. Бұл отаның күрделі болғаны сонша ол - он сағатқа дейін созылған.

 Сәкен Сабербеков,Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігері:

Біз өзіміз де таң қалдық. Жүрекке дейін шапқан. Бүкіл астыңғы венамен өсіп барып, жүрекке шапқан. Мұндаймен адамдар көп өмір сүре бермейді.

Жүректен де, бүйректен де ісікті қатар алған дәрігерлер операция жасау барысында үміт те, күдік те қатар болғанын айтады. Себебі, бүйректегі ісік асқынып, ұлғайып жүрекке шапқан. Бұл өте сирек кездесетін жағдай, - дейді мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Операция #ота #жүрек #бүйрек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Almaty Summer Fest жобасының екінші концерті өтті

Бүгін 11:32

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн құбылмалы болады

Бүгін 11:29

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);