AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда алғаш рет Getemotions атты жаңа әлеуме...

Қазақстанда алғаш рет Getemotions атты жаңа әлеуметтік желі пайда болды

Әлеумет 18.10.2021, 12:38 1,138
Қазақстанда алғаш рет Getemotions атты жаңа әлеуметтік желі пайда болды
Cурет: Ortcom.kz

Аталған желі 6 қазаннан бастап тестілеу режимінде іске қосылды


Getemotions әлеуметтік желісі арқылы анонимді түрде сауал жолдап, оған анонимді жауап алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Кез келген адамда белгілі бір тақырып бойынша сұрақ болатыны сөзсіз. Осы орайда біз елімізде алғаш рет анонимді түрде кез келген тақырыпта сұрақ қойып, оған жауап алуға болатын әлеуметтік желі ойлап таптық.  Аталған желінің артықшылығы сол - кімнің қандай сұрақ қойып жатқанын және оған кімнің жауап беріп жатқанын ешкім білмейді. Яғни құпиялылық барынша сақталған. Әрине, басқа әлеуметтік желілер секілді бізде де тыйым салынған тақырыптар бар. Демек, келіп түскен сауалдар іріктеуден өтеді», - деді GetEmotions жобасының негізін қалаушы Айтуған Омаров ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.



Оның айтуынша, екіжақты байланыс 100 пайыз жасырын түрде өтеді.



«Егер сіздің сұрағыңызға дөрекі жауап берілсе немесе жауапқа риза болмасаңыз, кез келген сәтте аталған желіні бұғаттай аласыз. Бұғаттаған соң осыған дейінгі хабарламалар автоматты түрде жойылады. Қолданушылардан келіп түсіп жатқан тағы бір сұрақ - кімнің қандай сұрақ жолдап жатқанын кім бақылайды? Айтарым, жүйе автоматтандырылған, біздің мамандар, оның ішінде желіні әзірлеушілер де кімнің қандай сұрақ жолдап жатқанын біле алмайды. Біздің міндет тек келіп түскен сауалды қабылдау немесе одан бас тарту», - дейді ол.



Getemotions авторларының мәлімдеуінше, аталған желі ел көлемінде 6 қазаннан бастап тестілеу режимінде іске қосылды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік желі #тестілеу режимі #анонимді сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика