AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Қазақстанда адвокатураның мәртебесі жаңа Конституц...

Қазақстанда адвокатураның мәртебесі жаңа Конституцияда конституциялық деңгейде бекітіледі

Жаңа Конституция 18.03.2026, 11:26 240 dulatbekova
Қазақстанда адвокатураның мәртебесі жаңа Конституцияда конституциялық деңгейде бекітіледі
Сурет: BAQ.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпанда қол қойған Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізіледі.

Жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістердің бірі – адвокатураның рөлі мен мәртебесін күшейту болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының 86-бабы мынадай редакцияда көзделген:

«1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.

2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады».

Жаңа Конституцияның 86-бабында адвокатура институтының конституциялық деңгейде бекітілуі – білікті заң көмегін алу құқығын ең жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған іргелі жаңашылдық болып табылады. Аталған шара адвокаттардың процестік мәртебесін нығайтуға, олардың тәуелсіздігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғаудың декларативтік емес, нақты кепілдіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жалпы алғанда, адвокатураны Қазақстан Республикасының Конституциясында конституциялық тұрғыдан бекіту оның институционалдық мәртебесін арттырып қана қоймай, сот арқылы қорғалуға және заң көмегін алуға құқықтың кепілдіктерін күшейтеді, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің міндетін айқындай отырып, адвокаттық қызметтің заңнамалық негіздерін белгілейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Заң факультетінің 1 курс докторанты

Агибаева Карина Женисовна

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #адвокат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – халықаралық отбасы күні

Бүгін 09:41

Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Бүгін 09:22

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);