конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық...

Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды

Әлеумет 12.02.2022, 09:39 1,296 Almaty-akshamy
Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды
Cурет: Baq.kz

Барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалады


Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Комитеттің мәліметінше, барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалады.


Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам ұсталады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 адам жазадан босатылды, тағы 1 102 сотталғанға жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты.



"Соттың шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар дереу босатылуға жатады. Бұған дейін өткен рақымшылықтар қаулының заңды күшіне енуін күтуді көздейтін және сотталғандар 15 күн өткеннен кейін ғана пенитенциарлық мекемелерден босатылуы мүмкін болатын. Бұл ізгілік актісі қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаға тартылған адамдарға да қолданылады", - делінген хабарламада.



Жазадан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрғандардың саны бүгінде 1 741 азаматты құрайды. Соттар жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы шешімді 1,7 мың есепке алынған адамға қатысты қабылдады.


Естеріңізге сала кетейік, рақымшылық актісі қылмыстық-құқықтық қатынастардың белгілі бір аспектілеріне ғана қатысты. Ол азаматтарды оңалтуға емес, тек қылмыс жасаған адамдардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған.


Рақымшылық жазадан толық немесе ішінара босатудан, неғұрлым жеңілге ауыстырудан немесе қылмыстық қудалауды тоқтатудан тұрады.


Айта кету керек, ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады, әлеуметтік осал топтарға – кәмелетке толмағандарға, әйелдер мен егде жастағы ер кісілерге, мүгедектігі бар адамдарға (1 және 2-топтар) ерекше көңіл бөлінеді.


Былтырдан бастап ҚАЖ бөліністері сотқа 11 мыңнан астам материал жіберді: мекемелерден – 2 310, пробация қызметінен  – 9 321 материал жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #Жаза #Рахымшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);