AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 301 вокзал бар

Қазақстанда 301 вокзал бар

Әлеумет 11.11.2024, 17:46 1,047 dulatbekova
Қазақстанда 301 вокзал бар
Сурет: Rail-news.kz

Теміржол вокзалдары магистральдың маңызды бөлігі және көлікпен тасымалдау тораптары бола отырып, әртүрлі көлік түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. 

Вокзалдар қызметі қауіпсіздік, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасап, сервис құру және қолжетімді көлік ағынын қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен байланысты. Әлеуметтік маңызы бар нысандар аптаның жеті күні 24 сағат жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz rail-news.kz-ке сілтеме жасап. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалының вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 301 вокзал бар. Ал күн сайын Қазақстан темір жолдарымен 139 жұп жолаушылар пойызы өтеді. 59 вокзал кластарға жіктеледі және тиісінше қауіпсіздікті, оның ішінде терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарға сай келеді.  

– Мәселен, бірінші класты және кластан тыс 14 вокзал бар. Екінші-үшінші класты вокзалдарда заңнамаға сәйкес тексеру рәсімдері жүргізілмейді. Алайда, бұл вокзалдар бейнебақылау, өрт дабылы жүйелерімен жарақтандырылған. Жалпы, биыл қазан айындағы жағдай бойынша тексеру қызметтері 200-ден астам тыйым салынған заттарды алып өту әрекетін анықтады. Дегенмен мұндай жағдайлардың төмендеу үрдісі байқалады, – деп атап өтті ол.  

Көрпебаевтың айтуынша, компания ҚР ІІМ-мен бірлесіп, тиісті алгоритмдері бар «Ақылды камераларды» орнату мәселесін пысықтауда, мысалы бір жерде бірнеше адамның жиналуы, иесіз қалған заттар және т. б. Бүгінде бұл жоба ірі вокзалдарда пилоттық режимде іске асырылуда. Сонымен қатар бүгінгі таңда 7 вокзал әкімдіктердің қарамағында, олар – Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Екібастұз және Ақсу вокзалдары. Бұл ретте жолаушыларды қабылдау және жөнелту, вокзал бойынша кезекшілер, анықтамалық қызметтердің жұмысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жатады. Осы объектілердің ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану жауапкершілігі қала әкімдіктерінің құзырында.  

Сондай-ақ компания бүгінде сауда алаңдарын жеке павильондарға бөлу мәселесін қарастыруда. Жақын болашаққа жоспарланған жұмыстар қатарында Астана-1 вокзалын күрделі жөндеу, Шу вокзалында да бірқатар жұмыстар жүргізу бар. Қысқасы, саланың әлеуметтік объектілері болып саналатын, сондай-ақ негізгі стратегиялық рөл атқаратын теміржол вокзалдарының дамуына үнемі назар аударылып, оның қызметі басты назарда болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #вокзал #қтж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);