AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 28 мың адамның онлайн несиесі толықтай...

Қазақстанда 28 мың адамның онлайн несиесі толықтай кешіріледі

Әлеумет 09.11.2022, 02:46 1,523 Almaty-akshamy
Қазақстанда 28 мың адамның онлайн несиесі толықтай кешіріледі
Сурет: freepik

Онлайн қызмет көрсететін 25 компания бар 


Қазақстанда онлайн ақша алған 28 мың адамның несиесі толықтай кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Елімізде жыл басынан бері микроқаржы ұйымынан қаржы алғандардың қарызы 45 миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстанда 246 микроқаржы ұйымы мен тек онлайн қызмет көрсететін 25 компания бар. Олар жыл басынан бері 100 миллиард теңгеден астам шағын несие берген. Бірақ, оның 45 миллиардтан астамы әлі толық өтелмеген. Осыны ескерген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жыл соңына дейін 28 мың адамның несиесін кешірмек, деп хабарлайды Астана телеарнасы.



«432 мың қарыз алушы микрокредит бойынша 33,1 миллиард теңге соммасындағы проблемалық берешекті қайта құрылымдау, кепілсіз микрокредиттер бойынша 107 мың қарыз алушының 0,8 миллиард теңгесі ішінара есептен шығару және 28 мың қарыз алушының 600 миллион теңге соммасында қарызын есептен шығару көзделеді», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің директоры Дәурен Нәсімбаев.



Ал экономист Ғалымжан Керімбек шағын несиені кешіру жеке азаматтар үшін тиімді шара болғанымен, ел болашағы үшін қауіпті екенін айтады.




«Біз бұл мәселемен қоғамның алдындағы масылдықтан арылмаймыз. Мұнын алдында да осындай мәселелер орын алып, ол кезде де бірақ несиелер кешірілген еді. Енді біз осы шара арқылы жеке тұлғаның, заңды тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігін біз азайтамыз», дейді экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Керімбек.



Елімізде онлайн қарыз берушілер туралы нақты мәлімет, бірыңғай ақпараттық база жоқ. Жарнамасы интернетте қаптаған мұндай ұйымдар өз жұмыстары туралы мемлекеттік органдарға есеп бермейді. Комиссия көлемін де өз қалауынша құбылтады. Сондықтан қаржы студенттерге де, жұмыссыз жүрген жастарға да беріле береді. Ал оны төлей алмаған адам заң алдында жауап береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #онлайн #кешіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Кеше 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Кеше 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Кеше 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);