AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна...

Қазақстанда 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру жоспарда

Әлеумет 29.06.2021, 12:35 2,064 Almaty-akshamy.kz.
Қазақстанда 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру жоспарда
Сурет: 24.kz

Қазақстанда 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру жоспарлануда


«Балық шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту міндеті қойылғанынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, табиғи ресурстар министрлігінің таратқан хабарына сілтеме жасап.


2030 жылға дейін 1283 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 288 шаруашылықты өсіру көлемі ұлғайтылады.


Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 10 жыл ішінде 340 млрд.теңге жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік бюджеттен шамамен 200 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.


2021 жылы жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру күтілуде. Жедел мәліметтер бойынша, жыл басынан бері шамамен 7,6 мың тонна тауарлы балық өсірілді.


Мәселен, 2021 жылдың басынан бастап мемлекеттік инспекторлар 1800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 23,2 млн.теңге айыппұл салды, оның 15,4 млн. теңгесі өндіріліп алынды. Спикер сондай-ақ Комитет өткізетін «Бекіре», «Уылдырық шашу», «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясының қорытындылары туралы хабарлады.


Анықтама


Қазақстанның ауқымды балық шаруашылығы қоры бар. Саланың ғалымдары мен сарапшыларының бағалауы бойынша, балық шаруашылығының әлеуеті жылына 600 мың тонна тауарлық балыққа бағаланады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысымен ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #балық #өсіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);