Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттардың кең ауқымын қамтиды,- деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөзіне сілтеме жасап.
Іске қосылған өндірістік нысандар қатарында:
«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС (Алматы қаласы, машина жасау) Инвестициялар – 182 млрд теңге
3 600 жұмыс орны, қуаты жылына 120 мың жеңіл автокөлік шығару.
«KIA Qazaqstan» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 70 мың бірлік автомобиль, инвестициялар – 131,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны.
«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС (қара металлургия, Павлодар облысы), қуаты – 240 мың тонна ферросилиций, инвестициялар – 92,4 млрд теңге, 800 жұмыс орны
«KamLitKZ» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау), қуаты – жылына 74 000 бірлік, инвестициялар – 82,5 млрд теңге, 550 жұмыс орны.
«KamLitKZ» ЖШС, Қостанай облысы, қуаты – жылына 90 000 бірлік, инвестициялар – 78,2 млрд теңге, 100 жұмыс орны
«Qaragandy Power Silicon» ЖШС (Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты), (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 175 мың тонна, инвестициялар – 62,7 млрд теңге, 1145 жұмыс орны.
«ТЭМПО-Казахстан» ЖШС (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 250 мың тонна, инвестициялар – 37,9 млрд теңгеден астам, 547 жұмыс орны
«ТексолТранс» ЖШС (машина жасау, Атырау облысы), инвестициялар – 30,8 млрд теңге, 180 жұмыс орны құрылды, шығару – 2 160 жартылай вагон, 885 платформа, 165 жабық вагон және 900 цистерна.
«Kazferro Limited» ЖК (қара металлургия, Павлодар облысы), ферросилиций өндірісі – 60 000 тонна, инвестициялар – 27 млрд астам теңге, 350 жұмыс орны.
«Гранд Материк» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Атырау облысы):
полиэтиленнен қап шығару – жылына 200 000 дана, инвестициялар – 10 млрд теңге, 35 жұмыс орны.
«CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (түсті металлургия, Түркістан облысы): алюминий профилінің өндірісі – жылына 20 мың тонна, инвестициялар – 8 млрд теңге, 250 жұмыс орны.
«Sauran Bricks» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы): автоклавты газоблокты шығару – жылына 200 мың м3 дейін, инвестициялар – 7,8 млрд теңге, 150 жұмыс орны.
«СЛ Групп» ЖШС (түсті металлургия, Алматы облысы):
қуаты – жылына 20 000 дана радиатор, инвестициялар – более 7,3 млрд теңге, 200 жұмыс орны.
«Евразийский Механический завод» ЖШС (машина жасау, Павлодар облысы), қуаты – жылына 8 700 бұйым, инвестициялар – 7,2 млрд теңгеден астам, 60 жұмыс орны
«Hong Shun»ЖШС (химия өнеркәсібі, Алматы облысы): қуаты – жылына 200 000 тонна, инвестициялар – 7 млрд теңгеден астам, 90 жұмыс орны
«Алтын Дала Мақта» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, Түркістан облысы): қуаты – тәулігіне 60 тонна, инвестициялар – 6,7 млрд теңге, 60 жұмыс орны.
«ТК Газоблок» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Алматы облысы): минералды жылытқыштар шығару – жылына 15 000 тонна металл конструкциясы, инвестициялар – 6,2 млрд теңге, 50 жұмыс орны
«Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС: (түсті металлургия, Қарағанды облысы): қуаты – жылына 48 000 тонна, инвестициялар – 6,2 млрд теңге, 115 жұмыс орны.
Толық тізіммен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.