2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын ата-аналар жұмысқа мерзімінен бұрын шықса да, баласы 1,5 жасқа толғанға дейін төлемнен айырылмайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл норма 2026 жылғы 11 маусымда қабылданған №306-VIII заңда қарастырылған. Жаңа ереже міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын әрі тиісті төлемді алуға құқығы бар ата-аналарға қолданылады.
Ескеріңіз: бұл төлемді отбасының әл-ауқатына қарай тағайындалатын A, B, C, D, E санаттарындағы әлеуметтік көмектен ажырата білу керек. Бала күтіміне арналған төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға байланысты беріледі. Сондықтан екі көмектің шарттары бірдей емес.