AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акци...

Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қандай тауарларды сатып алуда?

Әлеумет Бүгін 12:34 71
Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қандай тауарларды сатып алуда?

Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

17-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі сауда орталықтары мен сауда желілері азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға жеңілдіктер ұсынуда. Өңірлердің мәліметінше, маусымдық киім мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, балаларға арналған тауарлар және тұрмыстық техника жоғары сұранысқа ие.

Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды. Оның 232-сі Republic Day, ал 417-сі Bereke Fest акциясына қатысуда. Жеңілдік мөлшері сауда нысаны мен тауар санатына байланысты. Жекелеген дүкендерде жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Маусымдық киім мен аяқкиім сұранысқа ие

Өңірлердің мәліметінше, акциялар кезінде сатып алушылар күзгі-қысқы киімдерге ерекше қызығушылық танытуда. Сұранысқа ие тауарлар қатарында маусымаралық күртелер, пальтолар, джинсы шалбарлар, жемпірлер, спорттық костюмдер мен аяқкиімдер бар.

Мәселен, Алматыда маусымаралық күртелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге ұсынылуда.

Астанада балалар күртелеріне 40%, парфюмерияға 40%, ал аяқкиімнің жекелеген үлгілеріне 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Қостанай облысында балалар күртелері мен комбинезондарының кейбір үлгілеріне, сондай-ақ парфюмерияға 50%-ға дейін жеңілдік жасалған. Атырау облысындағы сауда орталықтары киім, аяқкиім және аксессуарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынып отыр.

Шымкент қаласындағы сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда киім сатылымы 18%-ға, аяқкиім 16%-ға, ал аксессуарлар 15%-ға артқан.

Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарлар

Bereke Fest акциясы аясында сатып алушылар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды белсенді түрде сатып алуда. Өңірлердің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің ішінде күнбағыс майы, ұн, қант, жарма, сүт өнімдері мен жұмыртқаға сұраныс жоғары.

Ұлытау облысындағы супермаркеттерінің мәліметінше акция кезінде сатылым көлемі 20%-ға артқан.

Алматы облысында Magnum, Small және Toimart сауда желілерінде сүт өнімдеріне, макаронға, күнбағыс майына, кондитерлік өнімдерге және басқа да тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Өңір ұсынған мәліметке сәйкес, акцияға қатысушы сауда нысандарының орташа тауар айналымы 20–25%-ға өскен.

Павлодар облысында сұранысқа ие азық-түлік тауарларының қатарында күнбағыс майы, қант, ұн, жұмыртқа, күріш және қарақұмық жармасы аталған. Азық-түлік тауарларына жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Тұрмыстық тауарлар мен балаларға арналған өнімдерге сұраныс

Азық-түлікпен қатар сатып алушылар тұрмыстық химия, жеке гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды да сатып алуда.

Астанада кір жуғыш ұнтақтардың жекелеген түрлеріне 45%-ға дейін, кір жууға арналған гельдерге 32%-ға дейін, ал ыдыс жуғыш құралдарға 30%-ға дейін жеңілдік ұсынылуда.

Шымкенттегі сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда жөргектердің сатылымы 25%-ға, балалар тағамы 30%-ға, сұйық сабын 15%-ға 10%-ға артқан.

Қарағанды облысында да жекелеген тұрмыстық тауарлардың сатылымы өскен. Атап айтқанда, кір жууға арналған гельдердің сатылымы 20%-ға, сұйық сабын 18%-ға  ұлғайған.

Сонымен қатар Republic Day акциясы аясында сатып алушылар тұрмыстық техникаға, электроникаға және үйге қажетті тауарларға қызығушылық танытуда. Алматы облысындағы сауда нысандарында тұрмыстық техниканың жекелеген түрлеріне 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Мерекелік акциялар жалғасуда

Republic Day акциясы сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда орталықтары мен сауда үйлерін қамтыса, Bereke Fest акциясы сауда желілерінде өтеді. Мерекелік акцияларға қазақстандық маркетплейстер де қосылып, сатып алушыларға тауарлардың түрлі санаттары бойынша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар  әзірледі.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық акцияларды ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізуде.

Мерекелік ұсыныстар 27 қазанды қоса алғанға дейін жүргізіледі. Жеңілдіктердің нақты мөлшері мен тауарлар тізімін акцияға қатысушы сауда нысандары белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді

Бүгін 12:40

Еліміздің ЖОО-да үш жылдық оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылады

Бүгін 12:21

Алматыда адам өмірін сақтап жүрген мамандар марапатталды

Бүгін 11:16

Республика күніне орай ҚазҰУ-да ауқымды жобалар жүзеге асырылды

Бүгін 11:12

Республика күніне орай ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);