AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда 2022 жылы жеті ет комбинаты іске қосыл...

Қазақстанда 2022 жылы жеті ет комбинаты іске қосылады

Экономика 27.04.2022, 03:03 2,045
Қазақстанда 2022 жылы жеті ет комбинаты іске қосылады
Сурет:Inform.kz

2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинатын пайдалануға беру жоспарлануда.


Қазақстан үкіметі елдегі ет комбинатының саны өсетінін атып отыр, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта Қазақстан сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті бойынша ішкі қажеттілікті 80%-ға, ал шұжық өнімдері бойынша 56,4%-ға қамтамасыз етеді. Импортты алмастыру бағдарламасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинатын пайдалануға беру жоспарлануда, оның жетеуі ағымдағы жылы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.



«2022 жылға инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған, оның ішінде жеті ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, құс фабрикаларын салу және кеңейту бойынша 10 жоба бар. Бұл жобалар 13 өңірде жалпы сомасы 38 млрд теңгеге жүзеге асырылады. Соның салдарынан 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деді министр.



Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 2021 жылы шұжық өнімдері импортының үлесі 47 мың тоннаны құрады, ал өз өндірісі 60,7 мың тоннаны құрады. 2025 жылдың соңына дейін ет өңдеу бойынша 24 инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде жалпы өндірістік қуаты 87,4 мың тонна шұжық өнімдерін шығаратын төрт ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда.
Құс еті бойынша өз өндірісімен қамтамасыз ету бүгінгі күні 65,4%-ға бағаланады.



«2021 жылы құс еті бойынша импорт үлесі 168,5 мың тоннаны құрады, меншікті өндіріс 282,3 мың тоннаны құрады. Жалпы, өндірістік қуаты жылына 223,1 мың тонна болатын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту есебінен 2025 жылға қарай импортты толық алмастыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.



Ағымдағы жылы құс фабрикаларын салу және кеңейту бойынша 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішіндегі ең ірісі - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында құс етін өндіру бойынша жалпы инвестиция сомасы 10,4 млрд теңгені құрайтын үш жоба.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #комбинат #құрылыс #жоспар #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);