Қазақстанда 2016 жылғы өзгерістер: неге ол трендке айналды?

  • 10:01, 28 қаңтар 2026
Қазақстанда 2016 жылғы өзгерістер: неге ол трендке айналды? Жасанды интеллект

2026 жылдың басында әлеуметтік желіде 2016 жыл трендке айналды. Жұрт 10 жыл бұрығы суреттері мен естеліктерін бөлісіп жатыр. Қазақстанда 2016 жылы қандай елеулі өзгерістер болды? Жыл несімен есте қалды?  aqshamnews.kz тілшісі тізіп шықты.

Тәуелсіздікке 25 жыл

2016 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілді. Парламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылдады.

theNews.kz

"Алматы Арена" мен "Халық Арена" салынды

Алматыда халықаралық стандартқа сай екі ірі нысан бой көтерді: "Алматы Арена" және "Халық Арена". Олар кейін 2017 жылғы қысқы Универсиада үшін негізгі алаңдардың біріне айналды.

gov.kz

Мәжіліс сайлауы

20 наурызда Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау өтті. Нәтижесінде Парламентке үш партия өтті:

  • "Нұр Отан" (қазіргі Amanat)
  • "Ақ жол"
  • ҚКХП / КНПК (Коммунистік халық партиясы)

informburo.kz

Рио Олимпиадасы

2016 жылы Қазақстан құрамасы жазғы Олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті: 18 медаль (2 алтын, 5 күміс, 9 қола). Сол кезде жалпы есепте 22-орын аталды, бірақ 2022 жылы Ниджат Рагимовтың алтын медалі допингке байланысты кері қайтарылғаннан кейін көрсеткіш қайта қаралып, команда төмен сырғыды.

http://olimp.kcbux.ru/

Кейки батырдың бас сүйегінің елге оралуы

Ұзақ келіссөздерден соң 2016 жылғы қазанда Кейки батырдың бас сүйегі Петербордағы Кунсткамерадан тарихи отанына қайтарылды. Бұл оқиға елдің тарихи жады үшін маңызды символға айналды.

Арқалық қаласының әкімдігі 

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланды

28 маусымда Қазақстан 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл - Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға ретінде бағаланды.

 

2016: қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар 

Bek Air ұшағының шассисіз қонуы

27 наурызда Bek Air компаниясының ұшағы алдыңғы шассисі істен шықты, бірақ аман қонды. Ұшақ бортында 121 адам болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер болмады. 

Тоқтар Төлешов ісі

2016 жылы белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты процесс елді дүр сілкіндірді: ұйымдасқан қылмыстық топ құру, күш қолдану арқылы билікті басып алуға үгіттеу және өзге де ауыр баптар бойынша айып тағылып, сот 21 жылға үкім шығарды. Оның мүлкі де тәркіленді.

Ақтөбедегі теракт

5 маусымда шамамен 25 радикал мен исламист Ақтөбеде "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. 17 дана атыс қаруын, оқ-дәрілер мен пышақтарды қолға түсірген террористер ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөліміне шабуыл жасауға әрекеттенді.

Террористердің қолынан сегіз адам қаза тапты: үш әскери қызметкер және бейбіт тұрғындар. Арнайы операция кезінде 18 террорист қаза болды, тоғыз адам ұсталды. Оларға қатысты сот процесі қарашаның аяғына қарай аяқталды. Нәтижесінде жеті террорист өмір бойына бас бостандығынан айырылды, екеуі 20 және 25 жылға сотталды.

Алматыдағы атыс

18 шілдеде Алматыны да үрей басты. Алматыны үрей биледі. 26 жастағы Руслан Кулекбаев жалғыз өзі Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына (Алмалы РУВД), сондай-ақ ҰҚК департаменті мен салық департаментінің ғимараттарына шабуыл жасады. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының тоғыз қызметкері қаза тапты. Арнайы операция барысында Кулекбаев ұсталды. Кейін сот оны кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. 

Жұрт неге 2016-ны сағынады?

Саяси социология саласының сарапшысы Айман Жүсіпованың түсіндіруінше, тренд әуелі Батыста күшейді: 2016 жылы жасөспірім болған буын қазір TikTok пен Instagram-ның негізгі аудиториясына айналды. Олар үшін 2016 - алғашқы "саналы цифрлық тәжірибе" уақыты:

  • әлеуметтік желі өмірдің бір бөлігі болды,
  • бірақ бүгінгідей "үнемі көрін", "үнемі дәлелде", "үнемі контент шығар" қысымы қатты сезілмеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:45

11:35

11:32

11:20

11:11

11:01

10:44

10:34

10:31

10:18

10:12

10:01

09:50

09:40

09:25

09:12

09:01

08:45

08:32

20:24

18:03

17:57

17:42

17:26

17:14