AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ жұмыс іст...

Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді

Экономика 21.07.2022, 14:00 3,006
Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді
сурет: Inbusiness.kz

 Бәсекеге қабілетті өндірістер құру 


Арнайы экономикалық аймақтар Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді. Бүгінде елімізде 13 АЭА бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов айтып берді. Спикердің айтуынша, отандық арнайы экономикалық аймақтардың экономиканың белгілі бір перспективалы салаларына көңіл бөлуге мүмкіндік беретін салалық ерекшелігі бар.



«Отандық АЭА ұзарту құқығымен 25 жылға құрылады және ел аумағында жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында отандық және шетелдік инвестицияларды, технологияларды, құзыреттерді тарту үшін дайын өндірістік алаң болады. Қазіргі уақытта ел аумағында 13 АЭА жұмыс істейді, олар барлық өңірлерде құрылған», - деді Ілияс Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде. 



АЭА қатысушылары үшін арнайы құқықтық режим қолданылады, олар - салық міндеттемесінен босату, кедендік баждан босату, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар дайын өндірістік алаң ұсыну және квоталар мен шектеулерден тыс шетелдік жұмыс күшін тарту мүмкіндіктері. 



«Бүгінгі таңда отандық АЭА инвестиция қоржынында 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, 1,2 трлн теңгеге шамамен 315 жоба іске асырылған. Жобалар экономиканың барлық базалық салаларында ұсынылған және қосылған құны жоғары және күрделі тауарларды өндіруге бағытталған», - деп толықтырды комитет төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #аймақ #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);