AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте сегіз сат...

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте сегіз сатыға көтерілді

Әлем Кеше 09:24 116
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте сегіз сатыға көтерілді

Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.

Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.

GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.

Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.

Тұрақты өкілдіктің бастамасымен ДЗМҰ сарапшылары мен Қазақстанның мемлекеттік органдарының қатысуымен жеке онлайн-консультация ұйымдастырылды. Оның барысында ел көрсеткіштері, дереккөздер, жетіспейтін және ескірген статистикалық мәліметтер, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу бағыттары егжей-тегжейлі қаралды. Консультациялар қорытындысы бойынша Тұрақты өкілдік GII жөнінде нақты ұсынымдары бар талдамалық материал әзірлеп, оны Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарына жолдады. Халықаралық статистиканың сапасына және Қазақстан бойынша деректердің уақтылы әрі дұрыс көрсетілуіне ерекше назар аударылды.

Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.

Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.

Тұрақты өкілдік GII-дің жекелеген көрсеткіштері мен әдістемесі бойынша ДЗМҰ-мен өзара іс-қимылды жалғастырады. Келесі міндет – қол жеткізілген нәтижені бекіту және Индекстің негізгі индикаторлары бойынша мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы есебінен Қазақстанның позициясын одан әрі жақсарту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің ең жасы үлкен зейнеткері Алматы қаласында тұрады

Бүгін 11:42

Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офтальмологтары көзден тас сынығын алып шығып, емделушінің көзін сақтап қалды

Бүгін 11:20

Алматы стенді қойылған Токиодағы көрмені 180 мыңға жуық адам тамашалады

Бүгін 11:18

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жас дәрігерлермен кездесті

Бүгін 10:49

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары алматылық зейнеткерлерді әртүрлі салаға бейімдеп жатыр

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);