Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың көбейгенін еске...

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Қаржы 15.04.2022, 09:21 1,286
Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді
Сурет: Qazaqstan.tv

Алаяқтардан сақ болыңыз: Қазақстан Ұлттық банкі ескертеді


Олар қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өздерін ҚҰБ қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды.


Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді. Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынуға да бейім болады.


Яғни олар ҚҰБ қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.


Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру.


Есіңізде болсын, Қазақстан Ұлттық банкі:


- жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды; 


- ҚР азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;


- ҚҰБ-тағы шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін.


«Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #Ескерту #ұлттық банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика