AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейгенін еске...

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Әлеумет 14.09.2022, 10:49 1,161
Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейгенін ескертеді
Сурет: Mir24.tv

Алданбас үшін құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн.


Қазақстанның Ұлттық банк мамандары мемлекет азаматтары алаяқтарға алданып қалмас үшін ескерту жариялап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мамандардың айтуынша, Қазақстанның Ұлттық банку жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен қолма-қол есеп айырыспайды. 



«Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын ескертеді. Өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық банк қызметкері» деп таныстыратын алаяқтар азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды»,- делінген банк баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Мұндай схемалар алаяқтарды ұстау мақсатында банктік «науқан» деген сылтаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсетеді. 


Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.


Осыған байланысты Ұлттық банк «құқық қорғау жүйесінің» немесе «Ұлттық банктің жалған қызметкерлерінен» қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн.


Сондай-ақ, Ұлттық банк мобильді қосымшаларды орнатпау керек екенін, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есепшотына ақша аудармау керек, себебі мұндай аударымдарды қайтару немесе оны даулау өте қиын.



«Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады, Ұлттық банктің негізгі қызметімен nationalbank.kz ресми сайтында танысуға болады»,-делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #банк #алаяқ #Ескерту #мошенничество
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);