AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан Үкіметі мемлекеттегі орман көлемін ұлғай...

Қазақстан Үкіметі мемлекеттегі орман көлемін ұлғайтуды көздеп отыр

Өмір-өзен 23.07.2021, 08:50 1,992
Қазақстан Үкіметі мемлекеттегі орман көлемін ұлғайтуды көздеп отыр
Сурет: Gov.kz

Жоспар бойынша, 2021 жылы шамамен 130 млн ағаш отырғызылады.


Алдағы күзде Қазақстанда тағы 48,2 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Экологтардың айтуынша, жыл сайын отырғызылатын ағаш көлемі өсіп отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстарда және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспарлары бекітілді, республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстар айқындалды, сондай-ақ орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі штаб құрылды.



«Жоба басталғаннан бері биылғы жылғы көктемде 81,5 млн ағаш отырғызылды. Күзде тағы 48,2 млн ағаш отырғызу жоспарлануда. Отырғызу көлемі жыл сайын 2021 жылғы 129,7 млн ағаштан 2025 жылы 642,8 млн ағашқа дейін ұлғаятын болады. 2 млрд ағаштың 1 455,7 млн данасын әкімдіктер, 294,3 млн данасын орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлар, 250 млн данасын Экология министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары отырғызуды жоспарлап отыр», – делінген Экология, геология және табиғы ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, отырғызу жоспарланған ағаш түрлерінің ішінде сексеуіл ең көп үлесті (шамамен 30%) алатынын атап өткен жөн. Бұл осы аймақтың экологиясын жақсарту үшін Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл ормандарын өсіру қажеттілігіне байланысты. Жалпы, жоба аясында шамамен 610 мың дана сексеуіл, 555 мыңнан астам дана қарағай, 193 мыңнан астам дана үйеңкі, 132 мыңнан астам дана шегіршін, 100 мыңнан астам дана қайың және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарлануда.


Ресми мәліметтерге жүгінсек, жобаны қаржыландыру үшін 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд теңге бөлу жоспарлануда.


Сонымен қатар, мамандар түсіндіргендей, ағаштардың құны маусымдық жұмысшылардың жалақысы, тұқым жинау және өңдеу, топырақ дайындау, көшеттерді 2-3 жыл күту шығындарымен анықталады. Осыған байланысты қаржыландыру тұқымдарды жинау мен өңдеуге, қызметкерлердің жалақысына жұмсалған шығындарды жабуға ғана емес, сондай-ақ топырақ-іздестіру жұмыстарын жүргізуге, орман егіс алаңдарын ұлғайтуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға бағытталатын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #Экология #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика