конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі жас мамандардың жалақысын өсіруд...

Қазақстан Үкіметі жас мамандардың жалақысын өсіруді көздеп отыр

Әлеумет 09.02.2022, 04:56 1,482
Қазақстан Үкіметі жас мамандардың жалақысын өсіруді көздеп отыр
Сурет: Qarmaqshy-tany.kz

Жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғаяды.


Қазақстан Үкіметі бірқатар құжаттарға өзгеріс енгізіп, жастар мен халықтың осал топтарына көрсетілетін қолдау шараларын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады», - делінген Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ресми мәлімет бойынша, тапсырмаларды орындау шеңберінде ағымдағы жылғы 7 ақпанда «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына және Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.



«2016 жылғы бұйрыққа енгізілетін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған гранттар көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген. Гранттар беру жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы барлығы 20 мың адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.



Мамандардың айтуынша, қағидаларға енгізілген өзгерістермен "Жастар практикасы" және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сондай-ақ жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдерін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделеді.


Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді.


Ағымдағы жылы жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жас адамның қатысуын ұйымдастыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #жұмыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылмақ

Бүгін 09:03

Бір тәулікте Алматы қаласының аумағында 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Бүгін 08:32

Жошы ұлысы: ғылыми зерттеудің жаңа көкжиегі

Кеше 21:45

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Кеше 18:41

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);