Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик Еу...

Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик Еуропада үздік деп танылды

Мәдениет 06.11.2023, 13:12 1,294
Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик  Еуропада үздік деп танылды
Сурет: 24.kz

Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында жыл сайынғы ART&TUR халықаралық туристік кинофестивалі өтті. 


Онда Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик екі аталымы бойынша үздік деп танылды. Биыл 16-рет ұйымдастырылған кинофестивальде «Kazakhstan – Like Never Before» саяхат туралы қазақстандық бейнеролик «Үздік елдік ролик» және «Үздік жарнама кампаниясы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды («Destination – Countries»,  «Advertising Campaign»), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


24.kz сайтының таратқан ақпаратына сай, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жасаған «Kazakhstan – Like Never Before» бейнеролигінде отандық және Қатар мен Бельгия тревел-блогерлерінің Түркістан қаласы мен Алматы облысына жасаған саяхаттары көрсетіліп, елімізді жаңа қырынан тануға шақырады.



«Бұл ролик Қазақстанның таңғажайып табиғаты мен мәдени мұрасына шетелдік туристердің назарын аудару тәсіліміздің жүзеге асқанының айқын көрінісі. Байқау ұйымдастырушылары тарапынан берілген жоғары баға еліміздің әлем туристері алдында өте қызықты мекен екенін және бейнероликтің өте сапалы әрі креативті жасалғанын тағы да дәлелдеді», - деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



Бейнероликті дайындаумен Әділет Рахметолла және Константин Киквидзе бастаған қазақстандық біріккен шығармашылық топ айналысты. Байқауға әлем бойынша түрлі жобалар ұсынылып, жарнамалық кампаниялар, жарнамалық фильмдер, анимациялар, авторлық саяхат бейнероликтер, деректі фильмдер, веб-құжаттар және телебағдарламалар сияқты аталымдар бойынша үздіктер анықталды. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы құрамына аудиовизуалды кино, туризм, маркетинг және коммуникация саласындағы мамандар мен сарапшылар кірді. Айта кетейік, бұл – Қазақстанның аталған алаңдағы алғашқы жетістігі емес. 2021 жылғы фестиваль аясында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жасаған «Travelstan» бейнеролигі үздік жарнама ролигі аталымында үздік деп танылған болатын. Ал өткен жылы «Томас пен Люси Аткинсондардың Қазақстанға көзқарасы» коммуникациялық жобасы екінші орынға ие болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #туризм #Кинофестиваль #бейнеролик #үздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00

Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Бүгін 15:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика