AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан ТМД-дағы ең бейбітсүйгіш ел атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең бейбітсүйгіш ел атанды

Әлем 11.09.2025, 12:11 1,061
Қазақстан ТМД-дағы ең бейбітсүйгіш ел атанды
depositphotos.com

Қазақстан ТМД-дағы ең бейбітсүйгіш мемлекет атанды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Global Peace Index баяндамасының мәліметінше, бейбітсүйгіш елдер рейтингінде Қазақстан 163 елдің ішінде 56-орынға жайғасты.

Баяндама авторларының нұсқасы бойынша, бір жыл ішінде рейтингте бес сатыға көтерілген Қазақстан – ТМД-дағы ең бейбіт ел. Қазақстанға ең жақын орналасқандар - Армения (58-орын), Молдова мен Өзбекстан (тиісінше 66 және 67-орын).

Әлемдегі ең бейбітсүйгіш елдер деп Исландия (1-орын), Ирландия және Жаңа Зеландия (3-орын) танылды. Ал 161-орынға Судан қойылған, оның артында Украина, рейтингті Ресей қорытындылайды.

Биыл жеті айда Қазақстанда мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59 пайызға өсіп, 82 млрд теңгеден асты.

Қаңтар-маусым айларында Қазақстанның қорғаныс шығындары шамамен 467 млрд теңге болды. Былтырдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 451 млрд теңгеден аз болған еді. Алайда доллармен есептегенде қорғаныс шығындары 8,5 пайызға азайғанын аналитиктер атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Бейбітшілік #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда республикалық театр фестивалі басталды

Бүгін 20:19

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);