AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан тарихын баяндайтын алғашқы комикстың тұс...

Қазақстан тарихын баяндайтын алғашқы комикстың тұсауы кесілді

Өмір-өзен 11.02.2022, 08:10 1,759
Қазақстан тарихын баяндайтын алғашқы комикстың тұсауы кесілді
Сурет: Aikyn.kz

5000 данамен шыққан жинақ кітапханаларға, балалар үйлеріне, жалпы білім беретін мектептерге тегін таратылады.


Қазақстан тарихын оқырмандар үшін тың комикс форматында басып шығарудың бастамашысы BAURZHAN foundation қайырымдылық қоры, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс кітаптың тұсауы кесілді.



Іс-шара Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Жаңа жинақтың ерекшелігі ол қазақстандық жас суретшілердің жақында өткен иллюстрация байқауында үздік деп танылған жұмыстармен толыққан.


Қазақстан тарихын оқырмандар үшін тың комикс форматында басып шығарудың бастамашысы BAURZHAN foundation қайырымдылық қоры. Кітап KHAN Comics арт-студиясымен бірігіп дайындалған.
Кітапты шығарушылардың айтуынша 5000 данамен шыққан жинақ Қазақстанның кітапханаларына, балалар үйлеріне, жалпы білім беретін мектептерге тегін таратылады.


Жинаққа барлығы 70 үздік иллюстрация енгізілді, ол жерде оқырманға ел үшін маңызды мәдени, спорттық және саяси оқиғалар туралы комикс тілімен баяндалады. Ерекше кітаптың кейіпкерлері ұлттық валютаның алғашқы нұсқасы, Қазақстанның осы күнге дейінгі Олимпиада ойындарындағы жетістігі, әлемдік аренада танылған отандық өнер иелері, спортшыларымен таныса алады. Олардың ішінде Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген сынды танымал азаматтар да бар.




«Комикстер маңызды тақырыптарды қамтыған. Бұл жанрдың жас буын арасында үлкен аудиториясы бар және жыл сайын олардың қатары артып келеді. Жобаның мақсаты тек ағартушылық қызмет қана емес, бірінші кезекте, қазақстандық жас суретші-иллюстраторларды қолдап, олардың шығармашылығын насихаттау болып табылады», – деді жобаның үйлестірушiлердің бірі Саида Ибрагимова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тарих #комикс #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);