AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан СІМ басшысы Люксембургке сапар жасады

Қазақстан СІМ басшысы Люксембургке сапар жасады

Саясат 15.10.2024, 16:20 902 dulatbekova
Қазақстан СІМ басшысы Люксембургке сапар жасады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембург Ұлы Герцогтігіне ресми сапар жасады.

Сапар барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Люксембург Премьер-Министрі Люк Фриденмен және Люксембург Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Ксавье Беттельмен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерімен қатар қаржы технологиялары, «жасыл» энергетика арқылы тұрақты даму, фармацевтика және көлік инфрақұрылымы жобалары сияқты келешегі бар бағыттарды талқылады. Екі елдің іскерлік қоғамдастықтары үшін мүмкіндіктерді кеңейту және экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігі расталды.

Премьер-Министр Люк Фриден «Люксембург Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді серіктес ретінде қарастыратынын және елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін үлкен әлеует бар екенін» атап өтті. Ол қазақ тарапының экономиканың негізгі салаларын жаңғырту және озық технологияларды енгізу жөніндегі ұмтылыстарын қолдауға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан СІМ басшысы Люксембургты Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі ретінде атап өтті. 2005 жылдан бастап Люксембургтен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне де назар аударып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Люксембург Сыртқы істер министрі К. Беттель Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Елдерімізді жаһандық сын-қатерлерге қатысты ортақ көзқарастар біріктіретіні айтылды. Люксембург Қазақстанмен халықаралық қауіпсіздік және орнықты даму мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын, өйткені БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен жұмыс үшін үлкен мүмкіндіктер бар деп санайды.

Кездесулер соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды барлық деңгейде нығайтуға және өңірлік пен жаһандық маңызды мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдар аясында белсенді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #СІМ #Люксембург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);