Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ СІМК алаңдарында бірқат...

Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ СІМК алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Саясат 05.12.2024, 15:24 1,073
Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ СІМК алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 31-ші отырысының шеңберінде Арменияның Cыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен, Аустрияның Сыртқы істер министрі Александр Шалленбергпен, Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен және Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Кая Калласпен кездесулер өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында саяси диалогты тереңдету, өзара сауда көлемін арттыру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың басым мәселелері талқыланды. Тараптар орнықты даму мен өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде К.Каллас Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға Еуропалық Одақ тарапынан берік қолдауын растады.

Өз тарапынан Министр М.Нұртілеу Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара тиімді көпжақты Қазақстан-Еуропа қатынастарын одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді

Кездесулердің қорытындысы тараптардың стратегиялық әріптестікті нығайтуға және өзекті сын-қатерлер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге деген өзара қызығушылығын растады.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #ЕҚЫҰ #Қазақстан #екіжақты кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика