AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан резеңке және пластмасса бұйымдары өндірі...

Қазақстан резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісін арттыруда

Әлеумет 19.12.2025, 17:48 398
Қазақстан резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісін арттыруда
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруге бағытталған инвестициялық жобалар қарқынды дамып келеді.

Бұл сала өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда және қосылған құны жоғары жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруда маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Биыл резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша жеті жоба іске қосылды. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясының деректеріне сәйкес, жобаларға салынған инвестиция көлемі 14,6 млрд теңгені құрады, нәтижесінде 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, полимерлі үлдір (пленка), вакуумдық және тағамдық қаптамалар, тамшылатып суару ленталары, фитингтер және ПВХ-дан жасалған қаптама құбырлар өндірісі жолға қойылды.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде жалпы инвестиция көлемі 46,9 млрд теңгеден асатын 19 жоба бар. Олардың қатарында геомембрана мен геосинтетика, кеңсеге арналған пластикалық тауарлар, терезе жабындары, құбырлар мен шлангтар, пластикалық ыдыс-аяқ және өзге де өнімдер өндірісі бар. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады, оның ішінде 250-ге жуығы ауылдық жерлердегі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жұмсақ қаптама, ББПП-пленкасы, ПЭТ-преформа, европоддон, қоқыс жәшіктері және өзге де тауарлар өндірісіне бағытталған тағы 13 жоба пысықтау кезеңінде тұр. Жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 265,2 млрд теңгені құрайды, аталған жобалар аясында 1,7 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Осылайша, Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің өсуі полимер өнеркәсібіндегі жоғары технологиялы бағыттардың дамуына серпін беріп, қаптама саласына арналған жартылай фабрикаттар шығаруды арттыруға, құрылыс материалдарының отандық базасын нығайтуға және құрамдас бөлшектер импортына тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

Жалпы, саладағы ағымдағы 39 және алдағы уақыттардағы жобалар бойынша шамамен 2,8 мың жаңа жұмыс орнын ашылып, 362,7 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#резеңке #пластмасса #өндіріс #арттыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика