AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақт...

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Жаңа Конституция 04.08.2026, 19:39 423
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді
Фото: Конституциялық сот

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық альпинист, музыкант, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын Раздельная шыңына Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты.

Бұл экспедиция Қазақстанды, оның мәдениетін, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба аясында Әлібек Қайырбек Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің ең биік шыңдарына көтеріліп, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді. Әрбір экспедиция Қазақстан Республикасын лайықты таныстыруға, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері туралы халықаралық қауымдастыққа кеңінен ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол әртүрлі мемлекеттерден келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және еліміздің Ата Заңы туралы таныстырады.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта тұңғыш рет Конституцияны Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан болатын. Ал 2026 жылы ол осы патриоттық дәстүрді жалғастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын Памир шыңына көтерді.

Бұл бастама Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға, конституциялық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті және отансүйгіштік рухты дәріптеуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды

Бүгін 21:57

Алматыда Үкімет, Құрылтай және Халық кеңесінен құралған жұмыс топтары халықпен кездесті

Бүгін 21:42

«Агрегат НС» ЖШС-нің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Бүгін 21:07

Наурызбай ауданындағы үш жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Бүгін 20:54

Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 20:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);