Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ТМД ар...

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ТМД архившілерін қарсы алды

Әлеумет 15.07.2022, 10:54 1,823
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ТМД архившілерін қарсы алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шара барысында мамандар өзара тәжірибелік іс-қимылдар мен бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. 


Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ТМД елдерінің архив мекемелері басшыларының кәсіби кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Іс-шараға Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей архившілері қатысты. 


Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ.Мұстафина Архивтің қызметі, қол жеткізген нәтижелері, жаңа бастамалары мен перспективалық жоспарлары, сондай-ақ ағымдағы жылдың маусымында бекітілген Архив қызметін жетілдіру және жаңарту жөніндегі шаралар кешені аясында әзірленген Архивті дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы айтып берді. Әлия Құсайынқызы білім беру жобаларына, атап айтқанда, жас архившілердің халықаралық мектебі туралы тоқталып, 2023 жылы Алматыда ұйымдастырылатын келесі жастар форумына шақырды. ҚР Президентінің Архиві ұсынып отырған тағы бір халықаралық жобасы - архив ісінің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен шешімдерді талқылау және қабылдау үшін кәсіби қауымдастықтың тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үнқатысу алаңын құруға бағытталған «Ашық қоғамға – ашық архив» архившілер конгресі болып табылады. Кездесу қонақтарын ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған архившілердің I Конгресінің жұмысына қатысуға шақырды.



Архивші әріптестерге арнайы экскурсия ұйымдастырылып, олар архивтің оқу залы мен кітапхананың жұмысымен, архивтік құжаттарды цифрландыру, микрофильмдеу және қалпына келтіру процестерін көріп шықты. Экскурсия барысында архив қызметкерлері әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап берді, заманауи архив жабдықтарын қолдану жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар қонақтарға М.Қ.Қозыбаев пен Ж.Ш.Шаяхметовтың жеке тектік қорлары бойынша дайындалған құжаттар жинақтары және Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қорлары бойынша 2021 жылы басылып шыққан жөнсілтер сыйға берілді. 


Кездесуге ТМД Атқарушы комитеті Экономикалық ынтымақтастық департаментінің консультанты М.А. Кулагина; Әзірбайжан Республикасы Ұлттық архиві басқармасының жариялау және пайдалану бөлімінің меңгерушісі Н.С. Эминов; Армения Республикасының Ұлттық архивінің директоры Г.М.Аршакян; Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің архив ісі және құжаттама Комитетінің төрағасы Б.Қ.Бораш және уәкілді тұлғалар қатысты.


Кездесу барысында жиналғандар ТМД елдерінің архив мекемелерімен өзара тәжірибелік іс-қимылдар мен бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #архив #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трамп Ирандағы әскери операция қашан аяқталатынын айтты

Бүгін 09:04

Ақмола облысында отбасының көлігі батпаққа батып, жолда қалған

Бүгін 08:46

Жаңбыр мен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Кеше 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика