конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Ресеймен бірлескен жобаға 46 млрд теңге...

Қазақстан Ресеймен бірлескен жобаға 46 млрд теңге инвестиция салады

Әлеумет 06.01.2023, 06:40 940
Қазақстан Ресеймен бірлескен жобаға 46 млрд теңге инвестиция салады
Сурет: Rbc.ru

"Бәйтерек" кешенін құруға 46,7 млрд теңге бөлінеді.


Қазақстан Ресеймен бірлескен ғарыш жобасына 46 млрд теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.


Цифрлық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламасына сәйкес, 2023 жылы пилотсыз аппараттарды ұшыру үшін жаңа буын орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыран базасында "Бәйтерек" кешенін құруға 46,7 млрд теңге бөлінеді.


Аталған кешен есебінен "Байқоңыр" ғарыш айлағының белсенділігі сақталады, 500 жаңа жұмыс орны құрылып, ал Қазақстан ұшыру қызметтері нарығына шығады деп күтілуде.


2022 жылы қаржыландыру көлемі 14,4 млрд теңгені, 2021 жылы – 14,1 млрд теңгені, 2020 жылы – 93,1 млн теңгені құрады.


Министрлікте шығындардың қолданыстағы "Зенит-М" ғарыштық зымыран кешенін жаңғыртуға бағытталғанын нақтылады. Өз кезегінде Ресей тарапы "Союз-5" орта класты жаңа зымыран тасығышты жасаумен айналысады.


Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаңа зымыран, "Союз-2" зымыран тасығыш сияқты керосин (нафтил) және сұйық оттегі сияқты экологиялық таза отын компоненттерін пайдаланады. Бұл ретте жанармай (керосин РГ-1) Ресей тарапымен зымыран тасығышты іске қосу шеңберінде жеке шарт бойынша жеткізіледі. Сұйық оттегі ғарыш айлағының оттегі-азот зауытында қоршаған атмосферадан өнім алу арқылы өндіріледі.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлікте "Бәйтеректі" іске қосу мерзімі 2024 жылға ауыстырылғанын хабарлаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция #Қазақстан #Ресей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19

«Заң мен тәртіп»: Алматыда заңсыз сауда орындары жойылып жатыр

Бүгін 14:44

Жазда жұмыстың да өз ырғағы бар

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);