AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстан Ресейге жұмыртқа экспортын жандандырады

Қазақстан Ресейге жұмыртқа экспортын жандандырады

Нарық 07.04.2022, 08:45 1,612
Қазақстан Ресейге жұмыртқа экспортын жандандырады
Сурет: Roscontrol.com

Жақын арада өндірісті субсидиялау артады.


Келесі аптада, 11 сәуірде Қазақстаннан Ресейге жұмыртқа экспорттауға тыйым салуды толығымен алып тастау жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еldala.kz сілтеме жасап.


Шектеулер 2021 жылы ҚР төрт облысы бойынша жеке аулаларда тіркелген құс тұмауы жағдайларына байланысты енгізілген болатын.



«Кеше Ресей тарапымен келіссөздер жүргізілді. Карантин алынып тасталды, қазір біз, Ресей мен Қазақстанның уәкілетті органдары, кепілдік хаттармен алмасып жатырмыз. Дүйсенбіден бастап барлық шектеулер алынып тасталады», - деді ОКҚ брифингінде АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев. 



Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның құс фабрикалары жұмыртқаға ішкі қажеттілікті 110% - ға қамтамасыз етеді (2020 жылы құс тұмауы тұтануына дейін қамтамасыз ету 120% болған).


Құс өсірушілерді қолдау үшін Азық-түлік корпорациясы фабрикаларға жемдік астықты 115-117 теңге/тонна бағасымен береді. Сонымен қатар, жақын арада өндірісті субсидиялау артады.



«Биыл біз жұмыртқаны субсидиялауға оралу туралы шешім қабылдадық. 2020 жылы ол құс фабрикасының қуатына байланысты 1,5 теңгеден 3 теңгеге дейін болды. Өткен жылы субсидияның ең жоғары сомасы 1,5 теңгеге дейін төмендетілді. Биылғы жылы да құс шаруашылығының жұмыртқа бағытындағы тауарлық-спецификалық субсидиядан бас тарту жоспарлары болды. Бірақ, қиын жағдайды, барлық құрамдастардың, азықтардың өсуін ескере отырып, құс фабрикасының көлеміне қарамастан, сәуірден бастап жұмыртқаға 3 теңге мөлшерінде субсидияны қайтару туралы шешім қабылданды. Қазір ережеге тиісті өзгерістер келісу рәсімінен өтіп жатыр, олар бір ай ішінде қабылданады және осы субсидияны төлеу басталады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыртқа #Ресей #Қазақстан #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);