конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат...

Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлді?

Спорт 25.01.2022, 10:22 1,541
Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлді?
Сурет: Inform.kz

Бейжің Олимпиадасында 109 медаль сарапқа салынады


«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бейжің Олимпиадасына 250 млн теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланған. Алайда, бұдан да аз сома – 220 млн теңге жұмсалуы мүмкін, өйткені ұйымдастырушылар делегациялардағы қатысушылар санын қысқартып жатыр», - деп түсіндірді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, Жазғы Олимпиада қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген тексерулер ҰОК жұмысында қаражатты жымқыру, мақсатсыз пайдалану және осыған ұқсас оқиғалар болмағанын көрсетті.



«Кейбір процедуралық бұзушылықтар бар және бюрократиялық тұстар анықталды және сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін болдырмау үшін барлығы реттелді», - деді А. Крюков.



Айта кетейік, XXIV Қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады.


Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #қаражат #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);