AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан құтқарушылары Түркияда медициналық көмек...

Қазақстан құтқарушылары Түркияда медициналық көмек көрсету пунктін ашты

Әлем 11.02.2023, 08:34 1,410
Қазақстан құтқарушылары Түркияда медициналық көмек көрсету пунктін ашты
сурет:ТЖМ баспасөз қызметі

Қабылдауды апаттар медицинасының білікті дәрігерлері жүргізуде.


Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің дәрігерлері Түркия Республикасының Газиантеп қаласында медициналық көмек көрсету пунктін ашты деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәліметтер бойынша, жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу үшін Түркияға жіберілген Қазақстан құтқарушыларының құрамында Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар.


Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін пневмокаркасты модуль орнатты. Ол – тұрғындарға білікті көмек көрсетуге арналған далалық медициналық пункт. Қабылдауды апаттар медицинасының білікті дәрігерлері жүргізуде.



«Газиантеп қаласының тұрғындарын тәулік бойы қабылдау барысында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жиырмаға жуық науқасқа, олардың ішінде екі балаға консультациялық және білікті медициналық көмек көрсетті. Адамдар осы пунктке көбінесе жылынуға, туыстары мен жақындарын құтқарушылар тауып алғанша күтуге келеді. Өйткені көпшілігі баспанасыз қалды.


ТЖМ пневмокаркас модульдерін өткен жылы сатып алғанын атап өткен жөн. Аталған далалық медициналық госпиталь ірі зілзалалар мен апаттар туындаған кезде орналастыруға арналған. Мұндай мобильді аурухана толық орналастырылған кезде күніне 200-ге жуық зардап шеккен адамды қабылдай алады.



Өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, Түркиядағы зілзала орнында ауыр жағдайда қызмет атқарып жатқан құтқарушылардың да денсаулығын сақтау - ТЖМ медицина қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі күні Түркиядағы ТЖМ жеке құрамының денсаулығы жақсы, олар психологиялық тұрғыдан сау», - делінген министрлік мәліметінде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зілзала #ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі #Түркия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 14:45

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45

Головкин велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Бүгін 12:40

Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді марапаттарға ие болды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);