AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан құрметті консулдығы Канар аралдарында...

Қазақстан құрметті консулдығы Канар аралдарында ашылды

Әлем 26.11.2023, 04:44 1,316
Қазақстан  құрметті консулдығы  Канар аралдарында ашылды
Сурет: ҚР СІМ

Консулдық жұмысының басым бағыты – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.


Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаевтың Канар аралдары автономиялық қауымдастығына жұмыс сапары барысында құрметті консулдықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.


Сапар басында қазақстандық дипломат Канар аралдары үкіметінің төрағасы Фернандо Клавихомен және Испания үкіметінің Канар аралдарындағы өкілі Мария Тереза Майанспен келіссөздер жүргізді.


Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан елшісі сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған "дөңгелек үстелге" қатысты. Іс-шара аясында елші іскер топтар өкілдерінің назарын екі елдің өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың басымдығына, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануға аударды.



Сапардың басты іс-шарасы Канар аралдарында ҚР құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қазақстанның өңірдегі өкілдігін Атлантика директивалық институтының халықаралық сауда және халықаралық экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Петит басқарды. Ол бұрын Канар аралдарының экономика министрлігі мен өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған.



Құрметті консулға, ең алдымен, өңір мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланысты қолдауға ерекше назар аударылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#консулдық #канар #Қазақстан #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);