AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы боччадан әлем кубогінде тарихи...

Қазақстан құрамасы боччадан әлем кубогінде тарихи алтын медаль жеңіп алды

Спорт Бүгін 17:40 27
Қазақстан құрамасы боччадан әлем кубогінде тарихи алтын медаль жеңіп алды
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Байрақты бәсекеге 24 елдің үздік спортшылары қатысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан боччадан Әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Байрақты бәсекеге 24 елдің үздік спортшылары қатысуда.

Қазақстан намысын халықаралық аренада үш паралимпиадашы қорғауда. Олар: Қуаныш Асқарбеков (BC1 санаты, Талдықорған, Жетісу облысы), Итиана Шыңғысханова (BC2 санаты, Астана қаласы) және Азамат Аманша (BC2 санаты, Ақтау, Маңғыстау облысы).

Жекелей сайыстардың қорытындысы бойынша Қуаныш Асқарбеков алтын медаль иеленсе, Итиана Шыңғысханова күміс жүлдегер атанды. Бұл жетістіктер еліміздің параспорт саласындағы айтулы жеңістерінің бірі болып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайта түсті.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама командалық сайыстардағы жарысты жалғастырып жатыр. Қазақстандық спортшылар тағы сегіз елдің өкілдерімен жүлделі орындар үшін бақ сынауда. Құраманың елге оралуы 13 қарашаға жоспарланған.

Қазақстанда паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерін қоса алғанда, спорттың 35 түрі дамып келеді. Ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылы заңнамаға I топтағы мүгедектігі бар спортшыларды сүйемелдейтін адамдардың мәртебесін бекіту және олардың халықаралық жарыстарға қатысуына қаржылай қолдау көрсету туралы нормалар енгізілді.

Ал 2026 жылы спорттың өзіне лайық түрін таңдап, жаттықтырушымен байланысуға мүмкіндік беретін @parasport_kz_bot Telegram-боты іске қосылды.

Ұлттық құраманың Әлем кубогіндегі табысты өнер көрсетуі – Қазақстандағы бочча спортының әлеуеті артып келе жатқанының айқын көрінісі. Спортшыларымыздың жеңісі жаңа белестерді бағындыруға жігер беріп, елімізде параспорттың одан әрі дамуына серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жұбанов көшесін көркейту жұмыстары аяқталды

Бүгін 17:35

Қатерлі дертті жеңіп, ана атанған үш қазақстандықтың тарихы

Бүгін 17:29

Отбасындағы қауіпсіздік пен татулық: Tatulyq.kz жобасы 2026 жылғы жұмысын қорытындылады

Бүгін 16:53

Алматыда таза ауа туралы қысқаметражды бейнероликтер топтамасы жарық көрді

Бүгін 16:43

Алматыда «Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);