AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Президенті Рим Папасы Францинскпен келіс...

Қазақстан Президенті Рим Папасы Францинскпен келіссөз жүргізді

Саясат 11.04.2022, 16:53 1,599
Қазақстан Президенті Рим Папасы Францинскпен келіссөз жүргізді
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді.




Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.



Президент конфессияаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Рим Папасына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.



Рим Папасы кездесуге мүмкіндік бергені үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келетінін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растады. Сондай-ақ өзінің Қазақстанға сапары мен алдағы уақытта өтетін форумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.



– Мен дінаралық диалогты, мемлекеттердің бірлігі мен жақындасуын ілгерілету тұрғысынан осы келелі жиынды тағатсыздана күтемін. Мұның қазіргі уақытта мәні өте зор, – деді Католик шіркеуінің басшысы. 



Понтифик қазіргі күрделі геосаяси жағдай кезінде әлемде бірлік пен келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.



– Сіздің еліңіздің қаншалықты әралуан және тұтас екенін көріп отырмыз. Бұл – тұрақтылықтың негізі. Қазақстанда бұған түсіністікпен қарайтынына қуаныштымыз. Менің қолдауыма сенуіңізге болады. Сіздің күш-жігеріңізді бағалаймын, – деді Рим Папасы.



Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қасиетті Тақпен рухани келісім және өзара құрмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін нақтылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #келісөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);