Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан президенті «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының...

Қазақстан президенті «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының басшысын қабылдады

Билік 15.06.2021, 12:33 1,798
Қазақстан президенті «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының басшысын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстары мен еліміздің көмірсутегі секторында жүзеге асырылып жатқан бірқатар бірлескен жобалардың перспективасы туралы есеп берілді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.



Президентке компанияның Каспий теңізі қайраңындағы «Жеңіс» және «Әл-Фараби» мұнай жобаларындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысы туралы айтылды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр Алматы облысында іске қосылған «ЛУКОЙЛ» зауытының жұмысы туралы баяндалды. Компания басшысының айтуынша, бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалдарының 800-ге жуық түрін өндіріп, өңірдегі елдерге экспорттайды.



Сонымен қатар Вагит Алекперов Мемлекет басшысына әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен баға белгілеудің перспективасына қатысты «ЛУКОЙЛ» компаниясының ұстанымы туралы айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компанияның әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға атсалысып отырғанын ерекше атап өтіп, оның Қазақстан мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мошенничество #Алматы #полиция #Қазақстан #Лукойл #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика