ffin.kz

Қазақстан Президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Қазақстан Президенті бірқатар тағайындаулар жасады Сурет: Media-center.kg

Алтай Көлгінов Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары болды. 


Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келді.


Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.


Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.


Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.



«Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір Жарлығымен Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов тағайындалды.


Ернар Баспаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.



Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.


Еске салайық, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған Мәлік Мырзалин бүгін лауазымынан босатылып, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды.


Ернар Баспаев 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51