«Қазақстан-ортақ үйіміз!»

«Қазақстан-ортақ үйіміз!» almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстан халқы Бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты мерекелік іс-шара  болып өтті.  

Аталмыш шараны  Алатау ауданындағы «Шапағат» ықшамауданында орналасқан №151 жалпы білім беретін мектеп пен Алматы қаласындағы дүнгендер қоғамының этномәдени орталығы жанындағы Аналар кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.    

Алматы-ұлттар достығы мен келісімнің орталығы. Бүгінде мұнда бірнеше ұлт мекен етеді. Сондықтан бұл тек бір оқу орнының мерекесі ғана емес, еліміздің татулығы мен шынайы достығының салтанат құрған күні болды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі  бірнеше ұлт өкілі өздерінің Отаны болған Қазақстанды жырға қосып, әнге арқау етті.  Ашық аспан астында өткен мереке   мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысып, бір-бірін толықтыратын, бейбітшілік пен келісімнің шынайы көрінісіне айналған сәтке толы болды.

Салтанатты мерекені мектеп басшысы Толқын Қарымсақова ашты.

"Біздің мектепте 20 дан астам ұлттың өкілі білім алып жатыр. Барлығы бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай. Өйткені, біздің ортақ мекеніміз-Қазақстан. Мемлекеттің бірлігі бәрінен биік тұруы керек. Біз осынау дарқан далада дүниеге келдік, осында білім алып, өмір сүріп жатырмыз.  Бейбіт елдің бақытты бесігінде тербелген   әр ұлттың баласы еркін білім алып, өз ұлтының мәдениетін сақтап, огы дамытуына барлық мүмкіндік бар", -дейді мектеп басшысы.

Керемет көңіл-күй сыйлаған мерекелік шарада әр ұлттың балалары өз халқының мәдениетімен таныстырды. Әр ұлттың дәм-тұзы, ұлттық салт-дәстүрі кештің арқауына айналды. Мектеп оқушылары сомдаған сахналық көріністер, ұлттық ән мен би кеш қонақтары мен ықшамаудан тұрғындарының   көңілінен шықты. Келесі кезекте  Алматы қаласы бойынша Қазақстан дүнгендер қоғамының төрағасы Әбубакир Войнце өзінің шынайы сезімін тебіреніспен жеткізді.

"Біз –әрқашанда біргеміз. Бұл — жай ғана ұран емес, бұл — біздің күнделікті өмірлік ұстанымымыз. Қазақстан — шынымен де біздің ортақ үйіміз, Біз осы топырақта дүниеге келдік, балаларымыз да осы елдің азаматы. Міне, мына бақытты балалар  ертеңгі ел болашағының кепілі.

"Менің қызым қазақша да, орысша да, дүнген тілінде де сөйлейді. Бүгінгі іс-шарада ол дүнген биін биледі. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш. Осындай ортада өсіп келе жатқан ұрпақ – еліміздің ең басты байлығы", - дейді «Шапағат» ықшамауданының тұрғыны, үш баланың анасы Айнагүл Бақытбекқызы. Осынау кештің өтуіне ұйтқы болған  мектеп басшысы Толқын Тұрсынқұлқызы мен Алматы қаласы дүнген орталығы Аналар кеңесінің төрайымы Римма Масыроваға ерекше алғыстарын білдірді.  

Тақырыпқа орай: 

Лугмар Буларов, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай мүшесі.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған болатын. Содан бері бұл институт елдегі этносаралық келісімді нығайтып, мәдени әртүрлілікті ұлттық бірлікке айналдырып келеді. Қазіргі таңда тек Алмааты қаласында ғана емес бүкіл ел бойынша Ассамблеяның бастамасымен түрлі этно мәдени іс-шаралар, қайырымдылық акциялар мен білім беру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Ыстық ықыласқа толы осынау   шараны  еліміздің болашаққа деген сенімінің тағы бір жарқын мысалы десем болады. Оқушылардың шығармашылық әлеуеті, ұстаздардың мейірімі мен ата-аналардың белсенділігі — мұның бәрі Қазақстанның көпұлтты, біртұтас әрі мықты мемлекет екенін айқын көрсетті".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:02

15:46

15:43

15:26

15:24

15:16

14:47

14:36

14:35

14:25

14:04

13:38

13:18

13:02

12:48

12:41

12:30

11:54

11:34

11:10

10:55

10:53

10:39

10:37

09:59