Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан оқушылары математикадан халықаралық олим...

Қазақстан оқушылары математикадан халықаралық олимпиада 6 медаль жеңіп алды

Білім және ғылым 29.06.2023, 05:00 1,546
Қазақстан оқушылары математикадан халықаралық олимпиада 6 медаль жеңіп алды
Сурет: Qorda.kz

Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды.


Білімділер сайысында Балқан түбегінен 20 ел және қонақ елдерден барлығы 130-ға жуық оқушы бақ сынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу-ағарту министрлігінен мәлім еткендей, халықаралық математика жарысында Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.


Жеңімпаздар:


- Алматы қаласының «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ 9-сынып оқушысы Амирлан Аманжолов –– алтын медаль;


- Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Серік Мұрзабек –– күміс медаль;


- Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ерқанат Кеңшілік –– күміс медаль;


- Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әлинұр Маратұлы –– қола медаль;


- Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жанарыс Теңдіков –– қола медаль;


- Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аят Абдуллаев –– қола медаль.



«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», - дейді топ жетекшісі Владимир Жук.



Айта кетейік, 19 жылда аталған олимпиадаға 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #оқушылар #халықаралық олимпиада #математика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі